Мемлекет басшысы бірқатар тағайындауға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Елбасы Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.