Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путинмен кездесуге дайындық шеңберінде Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесті.Мәскеуде өтетін екі ел үкіметтері басшыларының кездесуінде екі елдің Кеден одағы шеңберіндегі қызметтестіктеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланбақшы.
К.Мәсімов атап көрсеткендей, Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері кол жеткізген Кеден одағын құру туралы келісімдер бүгінде іс жүзіне асуда. Қазіргі күні Кеден кодексіне түзетулер енгізу жөніндегі ортақ шешімдер қабылданып, импорттық баж салығынан түсетін ақша қаржыларын бөлу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Таяу уақыттарда тараптар кеден қызметтерінің өзара іс-қимылдарын келісіп, кеден бекеттерінің бірегей жұмыс регламентін қалыптастыруы қажет.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.