• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2019

QAZAQ AIR ұшақтары Ресейге қатынайтын болды

695 рет
көрсетілді

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы Атырау-Астрахань тұрақты халықаралық рейсін ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

27 сәуірден бастап Атырау қаласынан Ресейдің Астрахань облысының әкімшілік орталығына тікелей рейс қатынайтын болды.

Жолаушылар Bombardier Q400 NextGen ұшақтарымен әр сейсенбі мен сенбі күндері жеткізіледі.

«Біздің географиямыз кеңейіп жатыр. Астрахань - Жайық жағалауы мен Каспий маңы елдерінің көнеден келе жатқан орталығы. Бұл орталыққа Батыс Қазақстан халқы көп барады. Аталған бағытқа сұраныс болады деген сенімдеміз», деді QAZAQ AIR басқарма төрағасының міндетін атқарушы Адель Даулетбек.