• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

1164 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев Әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

А. Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары жеке секторда қызмет еткен.

2010–2014 жылдары, сондай-ақ, 2017–2019 жылдары  Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің құрылымында бас сарапшы, директордың орынбасары, басқарма басшысынан төрелікте іс карауға дейін қызмет еткен.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ӘМ Заңнама департаментінің директоры лауазымын атқарған.