• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2012

Елімізге сай дамып, қызмет етудеміз

440 рет
көрсетілді

Елімізге сай дамып, қызмет етудеміз

Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:24

Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау де­­­партаментіне қарасты Мақ­таарал ауданында орналасқан «Атамекен» кеден бе­ке­ті үшін 2012 жыл өзгеше жыл болды. Осы жылы кеден бекеті қызметкерлерінің көптен күткен, жаңа заман талабына сай кеден бе­кетінің жаңа ғимараты іске қосылды. Жаңа ғимараттың ке­дендік аймағында электронды өткізу жүйесі, ра­диациялық бақылаудың ав­томаттандырылған жүйесі, рентген телевизиялық аппарат, Скан-жолаушы, тауарлардың жеткізілуін бақылайтын ав­­то­маттандырылған жүйесі, инспек­циялық тексеру кешендері, кеден­дік рә­­сімдеудің электронды декларация қабылдайтын арнайы орындары орналасқан.

Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:24

Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақылау де­­­партаментіне қарасты Мақ­таарал ауданында орналасқан «Атамекен» кеден бе­ке­ті үшін 2012 жыл өзгеше жыл болды. Осы жылы кеден бекеті қызметкерлерінің көптен күткен, жаңа заман талабына сай кеден бе­кетінің жаңа ғимараты іске қосылды. Жаңа ғимараттың ке­дендік аймағында электронды өткізу жүйесі, ра­диациялық бақылаудың ав­томаттандырылған жүйесі, рентген телевизиялық аппарат, Скан-жолаушы, тауарлардың жеткізілуін бақылайтын ав­­то­маттандырылған жүйесі, инспек­циялық тексеру кешендері, кеден­дік рә­­сімдеудің электронды декларация қабылдайтын арнайы орындары орналасқан.

Осы жаңа қондырғы жү­йелерінің арқасында Ке­ден одағының кеден­дік ше­­­­карасы арқылы жүре­тін жолаушылардың, сырт­қы эконо­микаға қа­ты­су­­­шы­­лардың, көлік құ­рал­дары мен тауарлардың өтуі ба­­рынша жеңілдетілген. Сонымен қатар, кедендік ше­­­­кара арқылы өту уақыты бұрынғыға қарағанда, екі есеге кеміп, сыртқы экономикалық қатысушылардың жұмыс істеу жағдайлары және де ке­ден беке­тіндегі кеден қыз­меткерлерінің жұмыс орын­дары толығымен авто­­маттандырылған.Кеден органдарының штат­тық құрылымын дұ­рыс пайдалану, кеден органдарының алдына қойылған шараларды тиімді іске асыру мақсатында Ке­ден одағының сыртқы шекара аумағын нығайту үшін жақында № СШ-22 Қа­зақстан Республикасы Қар­жы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы М.Есенбаевтың бұйры­ғымен «Мақтаарал» кеден бекеті «Атамекен» кеден бекеті болып өзгертілді, сонымен қатар «Ата­мекен» кеден бекетінің коды «55503»-тен, «55502»-ге ауыстырылды.Кеден бекеті ОҚО Мақта­арал ауданы «Атакент-Сыр­дария» ав­тожолында, Қазақстан Рес­публикасының Өзбекстан Респуб­ликасымен шектесетін Кеден одағы ке­дендік шекарасында ор­наласқан. Кеден бекетін өз жұртымыздың шетелдермен қарым-қатынас жасауын жандандыруға ықпалын тигізіп келе жатқан Мақтаарал ауданындағы үлкен достық көпірі десек болады.«Атамекен» кеден бекеті Қа­зақстан Республикасының Прези­денті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 27 қаңтардағы Қазақ­стан халқына арнаған «Әлеу­мет­тік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының бас­ты бағыты» атты Жолдауын орын­дау мақсатында біршама жұмыстар атқарды. Кеден бе­кеті қызметкерлерінің ұй­ымшылдығы мен тиянақты еңбегінің арқасында биылғы жылы 607 тауарға арналған декларациялар ресімделіп, мемлекеттік бюджетке 294 млн. тең­ге кедендік төлемдер мен са­лықтар түсті, алға қо­йылған болжамды жоспар 120 пайызға орындалды. Енді Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты Жолдауы бойынша жұ­мыла жұмыс істейтін боламыз.Тағы бір айта кететін жайт, – ОҚО КБД «Атамекен» кеден бекетінің контрабандаға қарсы күрес бөлімшесіне қарасты қыз­меткерлері, негізінен ал­ғанда, аттестаттаудан табысты өт­­ті. Ал жал­­пысында кеден ісі сала­сындағы қылмыстар мен құқық бұ­зушылықтарды анықтау мақ­сатындағы кеден бекеті қыз­меткерлерінің қырағылығының арқасында үстіміздегі жылы 244 әкім­шілік істер айқындалды. Қоз­ғалған әкімшілік істер бойынша мемлекеттік бюджетке құқық бұзу­шылардан 2 235 576 теңге айыппұл өндірілді. Сонымен қатар, ҚР ҚК 250, 209-баптары бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.Қазіргі таңда кеден беке­тінің басшысы Нұралы Бе­ке­новтің басшылығымен «Ата­мекен» кеден бе­ке­тінде 60-қа тарта кеден қызметкерлері Отанымыздың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ел Үкіметінің кеден қызметкерлерінің алдына қойған тапсырмаларын толығымен орындау мақ­са­тында адал қызмет атқарып келеді деп толық сеніммен айта аламыз.Елбасы Н.Назарбаевтың қа­зақ­стандықтарды жұмыспен қам­ту, еңбек ресурстарының жи­нақылығын арттыру, Қа­зақстанның экономикалық бел­сенді орталықтарында жұ­­­­­­­­­­­­мысқа орналастыруға ба­­­­­сымдық беру және де 2020 жылға дейін 1,5 миллион адамды жұмысқа орналастыру тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Ке­дендік бақылау департаменті бойынша 70-ке тарта қызметкер жұмысқа қабылданып, соның ішінде «Атамекен» кеден бекетіне 9 жас маман жұмысқа алынды. Ал «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Кедендік бақы­лау департаменті 110 пәтерлі 16 тұрғын үйді Сарыағаш ауданы «Самал» шағын ауданында іске қосса, 4 пәтер «Атамекен» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.Пәрмен МОЛДАБЕКОВ,«Атамекен» кеден бекетінің бас маманы. Оңтүстік Қазақстаноблысы.