• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

Шайбалы хоккей: Жарыс кестесі белгілі болды

314 рет
көрсетілді

6-12 сәуір аралығында Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің І дивизионындағы В тобындағы командалардың сайысы өтеді. 

Бұл жарыста Қазақстанның хоккейшілері де өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз – Қытай, Латвия, Польша, Голландия және Оңтүстік Корея құрамалары. Бүгін сол турнирдің кестесі белгілі болды. 6 сәуірде жерлестеріміз өздерінің тұсаукесер кездесуін Польшаға қарсы өткізеді. Келесі күні Голландиямен күш сынасамыз. 9 сәуірде Лавтиямен шеберлік байқасамыз. Ал 10 және 12 сәуірде өтетін соңғы екі бәсекеде Оңтүстік Корея және Қытай командалары бізге қарсылас болмақ.

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар