• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары онкологтардың білікті кеңесін ала алады

615 рет
көрсетілді

30 наурызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Онкология орталығының емханасында колоректальды обыр (тоқ ішек) бойынша онкологтар тұрғындарды қабылдайтын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрігерлер колоректальды обырдың негізгі белгілері байқалса, міндетті түрде онкологтың қабылдауына бару керектігін атап өтті.

«Егер Сіз тұрақты іштің ауыруы; тұрақты іш қату, іш өту, диарея, қан және/немесе нәжістің шырыштығы; ішектің толық босамағанын, ішектің қозғалысын сезіну, нәжіс шығару кезінде ауырсыну; тік ішектен қан кету, нәжістегі қанның қара іздері; нәжіс пішінінің өзгеруі (ирелеңдеген немесе  "қарындаш тәрізді"); қолайсыздық немесе іштің кебуі; себепсіз шаршау, тәбеттің жоғалуы, салмақ жоғалту; жамбастың ауырсынуы сияқты белгілерді байқасаңыз және сіздің жасыңыз 50-ден асса, сізге онкологтардың тексеруінен өту қажет.

Қабылдауға келгендер онкологтардың білікті кеңесін ала алады. Жоғарыда аталған белгілер бар болған жағдайда, сізге басқа да тексерулер тағайындалатын болады.

Мекен-жайы:  Нұр-Сұлтан қаласы, Манас көшесі, 17 Байланыс телефондары:  95-40-33, 95-40-34, 54-88-83.