• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2019

Елордалық дәрігерлер көпбалалы аналар үшін ашық есік күнін өткізеді

358 рет
көрсетілді

«Көпбалалы аналар кезектен тыс» акциясын алдағы сенбіде «Салауатты Астана» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының мамандары өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

ОДА Жағалау шағын ауданы, Ш. Айтматов көшесі, 36 мекен-жайы бойынша орналасқан. Көпбалалы аналар мұнда жалпы тәжірибелік дәрігер, гинеколог, психолог, невропатолог, кардиолог және нефролог сияқты мамандардың кеңесін ала алады.

Диагностика мен ем тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүзеге асырылмақ.