• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Желтоқсан, 2012

Жарыссөз дүйсенбіде жалғасады

609 рет
көрсетілді

Жарыссөз дүйсенбіде жалғасады

Сенбі, 8 желтоқсан 2012 6:59

Кеше әскери қызметші В.Че­лахтың ісі бойынша сот қарауы аяқталып, тараптардың жарыс­сөз­дері басталды. Қазақстан Респуб­ликасы Әскери соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғаш­қы сөзді мемлекеттік айыптаушылар алды. Мемлекеттік айыптаушы прокурорлар К.Шаяхмет, Д.Секенов және А.Кирияк өз сөздерінде сотталушыға тағылған айыптардың негізді екенін атап өтті.

Мемлекеттік айыптаушылар іс­те Қылмыстық кодекстің 53-бабында қылмыстық жаза мен жауап­кершілікті жеңілдету қарастырыл­маған деп есептейді. Сондықтан да прокурорлар соттан Қылмыстық кодекстің баптары бойынша В.Челахты айыпты деп тауып, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесуге және жазаны қатаң режімдегі колонияда өтеуді сұрады. Сонымен бірге, прокурорлар жәбірленуші тараптардың Че­лахқа қатысты берген талап-арыз­дарының барлығын қанағаттан­дыру қажет деген ұйғарымға келді.

Сот процесіне қатысқан жә­бірленуші тараптардың өкілдері аса ауыр қылмысқа қатысы бар кінәліні анықтап, ақиқатты ашып бергені үшін сотқа және тер­геу­шілерге алғыс айтты. Бұдан кейін сот айыпталушыны қорғаушы тарапқа сөз сөйлеуге мүмкіндік берді. Бірақ сотталушының адвокаты С.Сәрсенов өзінің жарыссөзде сөйлеуге дайын емес екендігін, сондықтан бұған біраз уақыт беруін мәлімдеді. Сонымен, сот тыңдауы 10 желтоқсанда сағат 9.00-де жалғасатын болды.

«Егемен-ақпарат».