• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2019

Шайбалы хоккей: «Номад» есепті теңестірді

731 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық сайыстар сериясының алтыншы матчында Алматының «Номады» Көкшетаудың «Арланын» 3:1 есебімен ұтты.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесудің бірінші кезеңінде көрермендер соғылған голды көре алған жоқ. Елордалық «Барыс» КХЛ-дың плей-офф бәсекесінен шығып қалғаннан кейін «Номадтың» жейдесін киген Никита Михайлис 35-минутта есеп ашты. Үшінші кезеңнің басында Ярослав Евдокимов мергендік танытты. 52-минутта Дмитрий Шитиков есеп айырмашылығын қысқартқанымен, 56-минутта Дмитрий Гренц таразы басын теңестіріп, матчтың соңғы нүктесін қойды.

Осылайша, қос команда арасындағы бәсекелер сериясында таразы басы теңесті ­– 3:3. Енді келесі ойында жеңген команда ақтық сында күш сынасу құрметіне ие болады. Сол ұжым финалда Атыраудың «Бейбарысымен» күш сынасады.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»