• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2019

Маңғыстауда шетел жұмыс күшін тарту барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

768 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Қ. Абельдинов пен бас маманы Е. Жұмабайдың қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мәселелері бойынша брифингте айтылды.

Брифингте басқарма басшысы Қ.Абельдинов жыл басынан бері арнайы мониторингтік топ мүшелерімен және жұртшылықпен бірлесіп Маңғыстау облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелеріне тоқталып өтті. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша бірқатар кемшіліктер анықталды.

Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның қызметінде анықталды.

Қазақстан Республикасында шетел жұмыс күшін тарту және оларды Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу туралы Ережесінің (ҚР Үкіметінің 15 желтоқсан 2016 жылғы № 802 Қаулысымен бекітілген) 9 және 10 тармақтарына сәйкес, Комиссия шешімі жұмыс берушінің әрбір өтінішіне қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен рәсімделеді және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің қолы қойылады. Шетел жұмыс күшін қажет етуі мүмкін жұмыс берушілердің сұранымдары Комиссия тарапынан толықтай немесе ішінара еңбек ресурстары есебінен жұмыс күшіне қажеттілікті, сонымен бірге жұмыссыз азаматтарды, өздігінен жұмыс жасайтындарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру арқылы да қанағаттандыру мүмкіндігі болған кезде қабылданбауы мүмкін.

Айта кету қажет, Маңғыстау облысында Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квота 5638 бірлікті құрайды.

Алайда, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру барысында жұмыс берушілерге басқарма жанындағы комиссия тарапынан жүйелі түрде Ереженің 10-тармағы сақталмайды.

Яғни, шетел жұмыс күшін тарту заңдылығы күмән туғызады.

Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Агенттіктің аумақтық департаменті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді алдағы уақытта жалғастыратын болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін мамандар мен сарапшыларды тарта отырып, жұмыс топтары құрылды. Осыған байланысты аумақтық департамент барлық мүдделі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға қатысуға шақырады.

Алдағы уақытта «КазАвтоЖол» АҚ; Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Ұлттық олимпиадалық комитеті»; Медициналық бағыттағы дәрі-дәрмек сараптамасы және медициналық техника ұлттық орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.

Сонымен бірге, аумақтық департамент өкілі Е.Жұмабайдың айтуынша, «Бизнес және инвестицияларды қорғау» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 1 трлн 258 млрд 610 млн 212 мың теңгені құрайтын 18 компанияның инвестициялық жобалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жобалық кеңсеге 33 өтініш түсіп, 31-і оң нәтижемен шешілді, ал екеуі қаралуда.

Маңғыстау облысы