• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2019

Халықты тоқ ішек обырына қарсы тегін тексереді

480 рет
көрсетілді

Наурыз айы – тоқ ішек обырымен (колоректальды қатерлі ісік) күресу айы болып табылады.

Биылғы 30 наурыз, яғни бүгін Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында сағат 09:00-14:00 аралығында, тоқ ішекті обырын (колоректальды қатерлі ісік) анықтау мен алдын алу мақсатында Ашық есік Күні өтеді. Осы күні қазақстандықтар білікті онколог мамандардан тегін кеңес алып, тексеріле алады.

         Бұл шара Қазақстанның барлық өңірлік онкологиялық диспансерлерінде және онкологиялық орталықтарда өткізіледі.

Дүниежүзі бойынша колоректальды қатерлі ісікпен ауырғандар саны жыл сайын артып келеді. Қазақстандағы онкопатологияның жалпы құрылымында обырдың бұл түрі ең көп таралған бестікке кіреді. Жыл сайын колоректальды қатерлі ісіктердің 3000-нан астам жағдай тіркеледі.

Тәуекел тобында - 50 жастан асқан адамдар.

Қазақстан ТМД елдері бойынша, 2011 жылдан бері колоректальды қатерлі ісікке қарсы ерте диагностикалау тегін скринингі енгізілген алғашқы ел болып табылады. 50-ден 70 жасқа дейінгі қазақстандықтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан емханалардан колоректальды қатерлі ісікке қарсы скринингтен өте алады.

АЛМАТЫ