• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Футбол 30 Наурыз, 2019

ФИФА-ның жаңа рейтингі жарияланды

700 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол федерациялар қауымдастығы (ФИФА) әйелдердің ұлттық құрама командаларының рейтингін жариялады.

Соңғы екі айда біздің арулар бес рет жасыл алаңға шығып, сол кездесулердің екеуін ұтып, екеуінде ұтылып және тағы бір мәрте тең ойнады. Тарқатып айтсақ, Түркіменстан (6:0) мен Үндістаннан (0:0. пенальтиден 4:3) айламызды асырдық. Францияның қосалқы құрамасы (0:3) және Солтүстік Ирландияға (0:4) есе жібердік. Ал Иорданиямен (1:1) тең тарқастық. Осы нәтижелердің арқасында қазіргі кезде Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 72 орынға тұрақтады. Жерлестеріміздің жиған ұпайы – 1349. 

Ал «ТОП-10» ұлттық құрамалар санатына мына командалар енді:

1. АҚШ  – 2101

2. Германия – 2072

3. Англия – 2049

4. Франция – 2043

5. Канада – 2006

6. Австралия – 2003

7. Жапония – 1991

8. Голландия – 1967

9. Швеция – 1962

10. Бразилия – 1944

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»