• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Сәуір, 2019

Геннадий Головкин «Зеңбірекпен» айқасады

570 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы үш белді нұсқа бойынша әлем чемпионы атағынан айырылғаннан кейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин біраз уақыт шаршы алаңға шықпаған еді.

Міне, енді даңқты отандасымыздың қай күні және кіммен күш сынасатыны белгілі болды. GGG 8 маусымда Брэндон Адамспен айқасады. «Зеңбірек» деген лақап атпен танымал 29 жастағы АҚШ боксшысы 23 мәрте рингке көтеріліп, 21 рет жеңіске жетті. 13 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Былтырғы жылы Адамс төрт кездесу өткізіп, барлығында басым түсті.  Ол өз жерлестері – Тайрон Брансон, Эрик Уокер және Шейн Мослиден (кішісі) бөлек, Украинаның мақтанышы, әлем чемпионы Евгений Хитровтан айласын асырды.

АҚШ-та өтетін айтулы жарыстың басты жекпе-жегінде жергілікті боксшы Демитриус Андраде мен польшалық Мацея Сулецки шеберлік байқасады.