• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Сәуір, 2019

Атаулы әлеуметтік көмек: ЕХӘҚМ қызметкерлері өңірлерде белгіленуі мен төленуі бойынша кеңестер береді

538 рет
көрсетілді

Бүгін, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап аз қамтылған азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енді. Енді АӘК көрсету критерийі 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін көтерілді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің орталық аппаратының қызметкерлері АӘК белгілеу және төлеу бойынша кеңес беру үшін өңірлерге барды.

31 наурыз бен 2 сәуір аралығында консультативтік топтар барлық облыстарда, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.   

Сонымен қатар, «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығының негізінде атаулы әлеуметтік көмекті алушылар үшін «жедел желі» ашылды. «111» нөмірі арқылы анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңесін және АӘК белгілеуге, қандай да бір жеңілдіктер мен жәрдемақылар түрлерін беруге байланысты сұрақтарға жауаптарды тегін алуға болады.