• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Сәуір, 2019

Алматыда тау шаңғысынан дәстүрлі жарыс өтіп жатыр

604 рет
көрсетілді

Бұл күндері Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» спорт кешенінде тау шаңғысынан «А.Артеменко мемориалы» деген атауға ие халықаралық турнир өтуде.

Бұл есім жанкүйерлерге бұл есім жақсы таныс. Алматыдағы дене шынықтыру институтында оқып жүрген кезінде Александра Артеменко тау шаңғысынан өткен көптеген жарыстарда жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтсақ, КСРО-ның 11 дүркін чемпионы және 21 дүркін жүлдегері, республика біріншілігінің 70 дүркін жеңімпазы атанды. Өзге де дүбірлі додаларда ел намысын абыройлы қорғады.

Александра Артеменко 1956 жылы  Италияның Кортина-д'Ампеццо қаласында алауы тұтанған Олимпия ойындарына қатысты. Осылайша, оның есімі қысқы ғаламдық додаға қатысқан Қазақстанның тұңғыш спортшысы ретінде тарихта қалды.   

Бапкерлік кәсіпте де Александра Ивановнаның бағы жанды. Ол 12 КСРО чемпионын, 18 КСРО халықтары спартакиадасы, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Одақ біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жаттықтырды. 32 спорт шебері мен көптеген спорт шеберлігіне үміткерлерді тәрбиелеп шығарды.   

Айтулы жарыстак Алматы қаласы, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары және Қырғызстан мен Ресейден келген 100-ден аса тау шаңғшылары бақ сынауда. Бүгін алып слалом жаттығуы бойынша алғашқы жеңімпаздар анықталды. 2005-2010 жылдары туған қыздар арасында Евгения Бычкова, Аруханым Жайдары, Ксения Бережная үздік үштіктің қатарынан көрінсе, ұлдар сайысында Давид Қашқаров, Роман Смолейчук және Джеймс Дейван дара шықты. Ал ардагерлер мен әуесқойлар арасындағы бәсекеде КСРО спорт шебері, КСРО және Қазақстан чемпионы, Қарулы күштер біріншілігінің жүлдегері, 1985 жылғы «Күміс эдельвейс» турнирінің жеңімпазы Владимир Кучин қарсылас шақ келтірмеді. Екінші және үшінші орындарды Рустам Ысқақов пен Владимир Дмитриенко иеленді.