• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2019

Кәсіпкерлер қызметі үшін бақылау-кассаларының онлайн жүйесі енгізілді

591 рет
көрсетілді

Сәуір айының алғашқы күнінен бастап бизнес саласында бақылау-кассалары онлайн  жүйеге  өтуге тиіс. ҚР Қаржы министрінің  бұйырығына орай 2019 жылы салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының қызмет түрлерін қолдануды толықтай жүзеге асыратын болады. Салық төлеушілер барлығы 633 қызмет түріне, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 сәуірінен  бастап 323 қызмет түріне; 1 шілдеден бастап 86 қызмет түріне, 1 қазаннан бастап  224 қызмет түрі  бойынша бақылау-кассалары онлайн жүйеге көшеді.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды. Салық кодексінің 166-бабына  сәйкес БКМ қолдану тәртібі реттелген. ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, республика аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледі.

Салық төлеушілер тиісті ақпараттармен www. pvl.kgd.gov.kz  сайты арқылы  таныса  алады.