• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Сәуір, 2019

Біз мұсылман елдеріне экспорт көлемін арттыру міндетін қойдық — Г. Исаева

413 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігі қазақстандық кәсіпорындарға сыртқы нарықтарға аса көбірек өнімдер түрлерімен шығуға мүмкіндік беретін жол карталарын әзірледі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтып берді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша ішкі қажеттіліктерін толық өтейді. Енді өндірісті ұлғайту және шетелдік өткізу нарықтарына шығу міндеті тұр.

«Біз өзіміз үшін жеткілікті өнім шығарамыз, ал өндіріс көлемін ұлғайту үшін бізге басқа елдердің нарықтарына шығу керек», — деді ол.

Алайда, импортқа тәуелділік мәселесі бірнеше өнім түрі бойынша өзекті болып отыр. Атап айтқанда, ол құс еті, кейбір жеміс түрлері, балық және т. б.

«Қазір біз бройлерлік бағыттағы құс фабрикаларын белсене несиелендіріп, салып жатырмыз, бұл құс еті өндірісінің көлемін арттыру үшін жасалуда. Сонымен қатар жемістер, нақты айтқанда, алмалар мен алмұрттар өндірісін дамыту, теңіз, мұхит балығы импорты бағдарламасы бар, себебі Қазақстан тек өзен балығы мен аквакультураны шығарады», — деді Г. Исаева.

Қазіргі кезде ведомство отандық өндірістің дамуына ықпал ететін екі жол картасын әзірледі.

«Бұл органикалық өнімдерді дамытудың Жол картасы, онда біз басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп шешілуі тиіс мәселелерді қоямыз. Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп біз органикалық өнім мәселелері бойынша аккредиттеу және сертификаттау мәселелерін шешуге тиіспіз, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп халал өнімдері мәселесін шешетін боламыз. Мысалы, біз мұсылман елдеріне экспорт көлемін арттыру міндетін қойып отырмыз», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Бұл орайда Г. Исаева атап өткендей, мұсылман нарықтарына экспорт өнімдердің әр партиясын «халал» талаптарына сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет, өйткені қазақстандық кәсіпорындардың басым бөлігі малайзиялық «халал» стандартының сертификаттарына ие. Бүгінгі таңда түрлі елдерде стандарттардың түрлі талаптары бар, осы Жол картасы барлық сәйкессіздіктерді ескеруге мүмкіндік береді.

«БАӘ нарығында өздерінің стандарт талаптары бар екенін білеміз, сондықтан да Жол картасы барлық жағдайды көрсетіп тұрады. Оны іске асыру және карта аясында фермерлерге жоспарланған көмек бізге экспорт көлемін ұлғайтып, ең бастысы, фермерлерге өз өнімдерін премиум санатының өнімі ретінде жоғары бағаға сатуға жол ашады деп ойлаймын», — деп түйіндеді Г. Исаева.