• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2019

Мамандар зиянкестерден сақ болуға шақырады

710 рет
көрсетілді

Жер аяғы жібіп күн күрт жылитын көктем айлары адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенелердің көбейетін кезі. Жауапты мамандар нақ осы кездерде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Зиянкестердің күрт көбеюіне әсер ететін негізгі фактор күннің жылуы  ғана емес, түрлі тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталуы. Осының салдарынан қала аумағындағы саябақтарда,  әсіресе, көпқабатты үйлердің маңында адам денсаулығы үшін аса қауіпті кеміргіштер көбейеді. Мамандардың сөзінше, кеміргіштердің кейбір түрлері тіпті өлім жағдайларына әкеліп соқтыратын жұқпалы аурулардың ошағы саналады.

Бұл айларда, кеміргіштерден бөлек адам мен жануарлардың, сондай-ақ өсімдіктіктердің паразиті болып табылатын кенеден де абай болған жөн. Қышыма кене сияқты кейбір тұқымдастары тіпті көзге де шалынбайтын бұл жәндік адам бойында бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия сияқты аурулардың өрбуіне жол ашады. Әсіресе, мұндай кенелер жаңбырдан кейін көгалды жерлерде көптеп  белең алады. Сондықтан, күн жылысымен таулы аймақтардағы табиғат аясына көкке шығатын тұрғындар бұл жағдайды қаперінде ұстағаны абзал. Арнаулы мамандар, зиянкестермен күрес мәселесі әрдайым басты назарда, дегенмен, әр азамат тазалыққа мән беріп, сақ жүргені жөн дегенді айтады.