• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2019

Баскетбол: «Астана» алда келеді

551 рет
көрсетілді

Баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогы жолындағы жарыс жалғасуда. Екінші турда «Астана» мен «Атырау барыстары» және «Алматылық легион» мен Қостанайдың «Тобылы» кездесті.

«Астана» мен «Атырау барыстары» арасындағы бәсекенің басында-ақ алғашқылары бірден 12 ұпайға ұзады. Одан кейінгі кезеңдерде де қарқынын еш бәсеңдетпеген елордалық баскетболшылар осы бәсекеде 89:61 есебімен айқын жеңіске қол жеткізді.

«Алматылық легион» мен «Тобыл» арасындағы кездесуде таразы басы біразға дейін теңселіп тұрды. Алғашында алматылықтар екі ұпай ғана ұтылып жатқан еді. Бірақ уақыт озған сайын қостанайлықтардың басымдығы байқалды. Есеп – 69:60.

Алғашқы екі кездесу де жеңіске жеткен «Астана» қазір жарыс кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. Бір ойында ұтып, біреуінде ұтылған «Тобылдың» да кубок үшін таласуға мүмкіндігі бар. Ал «қатарынан екі рет ұтылған Алматылық легионға» бас жүлдеден күдерін үзуге тура келіп отыр.

Үшінші турда «Тобыл» Көкшетаудың «Синегорьесімен» күш сынасса, «Алматылық легион» «Атырау барыстарымен» шеберлік байқасады.