• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2019

Бангкокта жұдырықтасатын әйелдер құрамасы белгілі болды

693 рет
көрсетілді

16-26 сәуірде Таиландтың астанасы – Бангкокта бокстан Азия чемпионаты өтетіні белгілі. Осы жарыста Қазақстанның ерлер командасы қандай құрамда күш сынасатынын біз бұған дейін жазғанбыз.

Бүгін әйелдер сайысында кімдердің шаршы алаңға шығатыны мәлім болды.  Қазақстан құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк мына шәкірттеріне сенім артып отыр: Алуа Балқыбекова (48 кило), Назым Қызайбай (51 кило), Дина Жоламан (54 кило), Сәния Сұлтанқызы (57 кило), Римма Волосенко (60 кило), Милана Сафронова (64 кило), Дариға Шәкімова (69 кило), Ақерке Бақытжан (75 кило), Фариза Шолтай (81 кило) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кило).

– Бұл жарыста біздер үшін басты қарсылас Қытай құрамасы болмақ. Соңғы әлем чемпионатында олардың төрт алтын алғаны белгілі. Басқа да аса ірі халықаралық додаларда табысты өнер көрсетуде. Бұл жолы да Аспанасты елінің бапкерлері Азия біріншілігіне кіл мықтыларын әкеле жатыр. Солтүстік Корея мен Үндістан құрамасы да өте күшті. Сондай-ақ, өз жерінде, өз жанкүйерлерінің көз алдында өтетін жарыста Таиландтың қыздары да барын салатыны анық, – дейді Вадим Присяжнюк.