• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2019

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіру үшін 60 млрд теңге бөлінді

658 рет
көрсетілді

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан басқа, АШТӨ үшін ауыл шаруашылығы техникасы лизингін қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында,  кредиторға аванстық төлем, сатып алған техникалар бойынша алғашқы жарнасы ретінде, инвестициялық субсидияны аудару мүмкіндігі қарастырылған.

Осы қолдау шараларын бірте-бірте ұлғайту, 2021 жылға дейін аграрийлердың ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алуға инвестициялар көлемін 100 млрд. теңгеден 240 млрд теңгеге дейін жеткізу және 2021 жылға қарай жабдығын жаңартудың минималды технологиялық деңгейін 2% -дан 6% -ға дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Энергетика министрлігімен  келісімі бойынша наурыз-маусым айларында 380,0 мың тонна дизель отыны бөлінді. Егіс алқаптардың көбеюін ескере отырып, қосымша аймақтарға 5,0 мың тонна дизель отыны бөлінді. Аймақтарға отын бекітілген кестеге сәйкес жеткізіледі. Энергетика министрлігі операторлардың жеткізілімін ескере отырып, зауыттан 160 теңге / литр (193,0 мың теңге / тонна) бағасын белгіледі, өңірлердегі орташа баға 176 теңге / литр болады, бұл нарықтық бағадан (жанар-жағар май құю станциясы - 195 теңге / литр) 10 пайызға арзан.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 2019 жылы «Кең Дала» бағдарламасы бойынша несиелендіру үшін 60 млрд теңге бөлінді, соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы ставкасы жылдық 7% -дан аспайды. Аграрлық несие корпорациясы https://qoldau.kz/ порталы арқылы өтініштерді қабылдайды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру несие серіктестіктері арқылы 13 млрд теңге, екінші деңгейлі банктер 14 млрд теңге және тікелей несие беру - 33 млрд теңге («АНК» АҚ филиалдары арқылы) жүзеге асырылады. Бұл бөлу шартты болып табылады, себебі өтінімдерді алуға қарай қаржыландыру қамтамасыз етіледі.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында 379,3 мың гектарға егістік егілді, жоспар 1713,2 мың гектар немесе 22,1% орындалды. Сонымен бірге масақты дақылдар 196,6 мың гектарға, майлы дақылдар - 52,7 мың гектарға, көпжылдық шөптер - 72,3 мың гектарға, көкөніс пен бақша мәдениеттері және картоп - 57,4 мың гектарға, қант қызылшасы - 0,3 мың гектарға егілді.