• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Сәуір, 2019

Мәнерлеп сырғанаушылардың табысы қанша?

849 рет
көрсетілді

Ресейдің «Советский спорт» газеті 2018/2019 жылғы маусымда ең көп табыс тапқан мәнерлеп сырғанаушылардың тізімін жариялады. Әйелдер арасында Алина Загитова көш бастап тұр.

Жуырда ғана Жапонияның Сайтама қаласында әлем чемпионы атанған даңқты ресейлік спортшының есеп шотына биылғы маусымда 134 мың АҚШ доллары аударылған екен. Екінші орында – Рика Кихира. Жапонияның жұлдызы өз әмиянына 101 мың доллар салды. Ал үшінші орында біздің Элизабет Тұрсынбаева. Қазақ қызы 67 мың долларға иелік етті. Оның 47 мыңын ол әлем чемпионатының күміс медалі және 16 мыңын «Төрт құрлық біріншілігіндегі» өрелі өнері үшін еншіледі. Тағы екі мың Гран-при мен «Челленджер» санатындағы турнирлерден түсті.  

Одан кейінгі орындарда – Софья Самодурова (Ресей) – 47 мың, Каори Сакамото (Жапония) – 46 мың, Евгения Медведева (Ресей) – 45 мың, Елизавета Тоқтамышева (Ресей) – 43 мың, Сатоко Мияхара (Жапония) – 42 мың, Маи Михара (Жапония) – 27 мың, Станислава Константинова (Ресей) – 22 мың және Брэйди Теннелл (АҚШ) – 20 мың АҚШ доллары.