• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Сәуір, 2019

Теннис: Бублик ұтты, Диас ұтылды

693 рет
көрсетілді

Теннистен Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Александр Бублик сәтті өнер көрсетуде.

Бүгін Бублик америкалық Митчел Крюгермен күш сынасты. Бірінші сетте тай-брейкте жеңіске жеткен жерлесіміз одан кейін қарсыласына бас көтерткен жоқ. Есеп – 7:6(7:2), 6:3. Осының алдында ғана Александр Бублик сербиялық Педжа Крштинды ұтқан болатын – 1:6, 6:3, 6:4. Енді ол ширек финалда испаниялық Фелисиано Лопес пен германиялық Доминик Кепфер арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Ал Зарина Диас үшінші кезеңге шыға алмады. Тұсаукесер кездесуінде ол жергілікті ойыншы Ренато Сарасуаға 7:5, 6:4 есебімен сан соқтырған еді. Екінші кезеңде жерлесіміз Виктория Азаренкомен кездесті. 29 жастағы Беларусь елінің өкілі кезінде әлемнің бірінші ракеткасы атанғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Азаренко – Австралияның ашық біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы, АҚШ-тың ашық біріншілігінде екі рет финалға шықты, Ролан Гаррос пен Уимблдонда жартылай финалда өнер көрсетті, WTA турнирлерінде 20 мәрте топ жарды, Лондон Олимпиадасының жекелеген сайысында қола алса, аралас жұптар бәсекеде бас жүлдені олжалады. Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 67 орында тұрған атақты теннисшіге Заринаның әлі жетпеді – 2:6, 3:6. Бұл бәсеке небары 1 сағат 7 минутқа созылды.