• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Сәуір, 2019

Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарасу» өткізу бекетінде қалыптасқан жағдайға арналған баспасөз-конференциясы өтті

954 рет
көрсетілді

Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңында Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қарасу» өткізу бекетінде қалыптасқан жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы  Қуат РАХИМОВ қатысты. 

Ағымдағы жылдың 30 наурызында  Ведомствааралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қазақстан мен Қырғыз кеден қызметтері басшыларының жұмыс кездесуі өтіп, тараптар екі елдің кедендік әкімшілендіру жай-күйін, сондай-ақ проблемалық мәселелерді және алдағы ынтымақтастық туралы талқылады.

Атап айтқанда, Тараптар Еуразия экономикалық одағы елдерінің бюджетіне шығын келтіретін, Қытайдан Қырғызстанға импортталатын тауарлардың кедендік құнын төмендетіп көрсету фактілерін ат ап айтты.  

Осыған орай, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекарада экономикалық мүдделерді қорғау функциясы бекітілгенін назарға ала отырып, Жамбыл облысында орналасқан өткізу пункттерінде, ҚХР-да шығарылған және Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясына баратын тауарларға қатысты тексеру шаралары өткізілуде.Мұндай тауарларға қатысты тауарға ілеспе  құжаттарда көрсетілген ақпараттың, көлік құралдарында тауарлардың нақты болуы сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.

Сонымен қатар, қырғызстанның тауарлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы кедергісіз өткізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жалған декларацияны анықтау, құнының дұрыс болуын қамтамасыз ету және импортталатын тауарлар туралы ақпарат алмасу жөнінде шаралар қабылдауға уағдаласты.

Бүгінгі күні Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағындағы бақылушы ретінде Қырғыз бизнес-қоғамдастығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасына импортталатын, сондай-ақ Ресей Федерациясына транзитпен өтетін Қырғыз Республикасының тауарлары шекарадан еркін өтеді.

Осылайша, ағымдағы жылдың 27 наурызынан 4 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасына 265 автокөлікте қырғыз тауарлары импортталды және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен 455 автомомашина өткізілді.

Тауарға ілеспе құжаттары тауарлардың нақты санымен және тауарлардың болуына сәйкес келмейтін тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелуіне жол берілмейді. Мұндай көлік құралдары тауарға ілеспе құжаттарын сәйкестікке келтіру үшін кері қайтарылады.

Жоғарыда көрсетілген кезеңде 18 жете тексеру жүргізілді, олардың сәйкессіздікті көрсетті және 1 көлік құралында тасымалданатын тауарлардың құжаттары жоқ болды. Сонымен қатар, 102 көлік құралы ерікті түрде тауарға ілеспе құжаттарын ұсынбастан кері қайтарылып, Қырғыз Республикасының аумағына кетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде автокөлік құраларының жиналып қалуы  байқалмайды.