Германияның танымал Transfermarkt веб-сайты Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген команда сапындағы ойыншыларының жалпы құнын шығарған екен.
Қазақстандық командалар арасында ең қымбат ойыншылар «Астанада»өнер көрсетуде.Нұр-Сұлтандық клубтың футболшыларының жалпы құны – 22,28 миллион евро.Екінші орында – «Қайрат». Алматылықтар 18,93 миллионға бағаланып отыр. Үшінші орында – «Ордабасы». Шымкенттік команданың құны – 14,95 миллион.
Ал одан кейінгі орындарда мына клубтар: «Тобыл» – 14,15, «Ертіс» – 9,43, «Жетісу» – 7,23, «Қайсар» – 7,15, «Оқжетпес» – 6,80, «Шахтер» – 6,45, «Ақтөбе» – 6,23, «Тараз» – 5,75 және «Атырау» – 5,55.