• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Сәуір, 2019

Қ.Тоқаев: Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда

827 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

«Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр.Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1трлн 180 млрд теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар. Дегенмен, бұл жеткіліксіз», деп жазды Президент. 

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев өңірлердегі медициналық қызметтерге де тоқталды.

 «Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда», деді ол.