• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 08 Сәуір, 2019

ҚИДИ экспорттаушылардың шығындарын өтеу бойынша өтінім қабылдауды бастады

1024 рет
көрсетілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ  индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен (экспорттаушылардан) өңделген отандық тауарларды ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеу туралы өтінімдерді қабылдау рәсімінің басталғанын хабарлайды.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды ілгерілету шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:

1) шетелде жарнамалық тауарларға байланысты шығындар;

2) халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу құны;

3) шет тілдеріне аудару және шетелге тарату үшін мамандандырылған каталогты жариялауға байланысты шығындар;

4) шетелдегі өкілдікті, бөлімшені және қойманы ұстау құнын;

5) шетелде тауар таңбаларын (брендін) тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізу шығындары;

6) тауарларды шетелде сертификаттауға байланысты рәсімдерді жүргізуге жұмсалатын шығындар;

7) тауарларды теміржол және (немесе) автомобильмен (Қазақстан Республикасы шегінде) жеткізуге байланысты шығындар.