• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Сәуір, 2019

БҚО және Павлодар облыстарында экономикадағы шағын және орта бизнес үлесі төмендеген

960 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты.

«2017 жылы ел бойынша өнімнің заттай көріністегі шығарылымының өсімі 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 128% немесе 23,2 трлн теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде ең үлкен өсім Атырау облысында, Алматы қаласында және Қостанай облысында қамтамасыз етілген. Ең төмен өсім – Ақтөбе, Павлодар және Маңғыстау облыстарында байқалған», деді Министр.

Сонымен қатар Министр 2019 жылғы 1 қаңтарда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,2 млн бірлікке жетіп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,3%-ке өскенін айтты.

«Өткен жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің санының ең үлкен өсімі Нұр-Сұлтан қаласында, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Ең төмен өсім – Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстарында. Жобалық басқару шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерінің барынша сапалы пулын қалыптастыру үшін жылдық айналымы 2 млн теңгеден асатын шағын және орта бизнес санын ұлғайту бойынша индикатор орнатылған», деді Министр.

Сондай-ақ Р.Дәленов 2018 жылғы 1 қаңтарға жалпы осындай кәсіпорындар саны 337 мың субъектіден асты, бұл жоспарлы көрсеткіштен 2,6%-ке жоғары екенін атап өтті.

«Сонымен қатар, 7 өңірде жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілмеген. Жүргізіліп отырған жұмыс нәтижесін қорыта келе жалпы бизнес дамуының оң серпіні байқалады. Әкімдіктердің әліде атқаратын жұмыстары бар. Мысалы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында соңғы жылдары экономикадағы шағын және орта бизнес үлесінің төмендегені байқалады. Ал, көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының саны республикалық орташа мәннен төмен. Әкімдіктер осы бағытта жұмысты күшейтуге тиіс» , деп атап өтті Министр.