ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалы географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Азаматтық авиация комитеті "ИрАэро" авиакомпаниясына Қазақстан Республикасында аккредиттеу туралы куәлігін берді.
Көктемгі-жазғы навигация кезеңінде "ИрАэро" келесі бағыттар бойынша тұрақты әуе тасымалын орындауды жоспарлап отыр: - Жуковский - Қарағанды - Жуковский аптасына 7 рет; - Жуковский - Көкшетау - Жуковский аптасына 2 рет; - Жуковский - Петропавл - Жуковский аптасына 2 рет; Ұшулар RRJ (Sukhoi SuperJet-100) әуе кемелерінің типінде орындалады. Қазақстанның барлық халықаралық рейстерінің 1/3 бөлігі Ресеймен байланысатындығын атап өткен жөн. Азаматтық авиация комитетінің Қазақстан Республикасының аймақтарын мен Ресей Федерациясымен әуе қатынасы арқылы байланыстыру жұмысы жалғасады. Анықтама: "ИрАэро" авиакомпаниясы 1999 жылы құрылған. Ұзақ уақыт бойы негізгі қызмет түрі - Қиыр Шығыстың және Ресейдің солтүстік-шығыс облыстарының әуе тасымалы қызметінде қажеттіліктерін қанағаттандыру болды. 2006 жылдан бастап "ИрАэро" жолаушылар тасымалымен айналысады және қазіргі уақытта аймақтағы ең ірі тасымалдаушы болып табылады.