«Ақтөбе облысында «Кәсіпкер ана» жобасы бойынша гранттар беру арқылы көп балалы аналарды демеушілер қаражаты есебінен бизнес негіздеріне, бизнес жоспарларды әзірлеуге оқытуда.
2019 жылғы 1-тоқсанда өздерінің бизнес-жобаларын іске асыру үшін 25 әйелге оқыту, бизнес-жоспарлар жасау, гранттар беру сияқты көмек көрсетілді. Шымкент қаласында «MEYIRIM» электрондық порталы іске қосылған, ол аз қамтылған адамдарға электрондық портал арқылы әлеуметтік көмек ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта базада 500 отбасы тіркелген, оның 147-сі көпбалалы отбасылар. 2019 жылғы 1-тоқсанда аталған Жоба шеңберінде көп балалы отбасы үшін бір үй беріліп, 173 отбасына 12 млн. теңге сомада ақшалай көмек көрсетілді. Жекелеген кәсіпкерлер аз қамтылған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерді алды», деді Министр.
Сонымен қатар Министр Қостанай облысында «Жас-Қанат-2006» ЖШС басшысы көп балалы отбасылар үшін жыл сайын жұмыс орындарын ашуға дайын екенін білдірді.
«Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын шешуде өңірлерде жақсы тәжірибелер бар. Мысалы, Қызылорда облысында «Баламекен» әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр, ол «Болат Өтемұратов» Қоры есебінен жеке үйлер салуға бағытталған. 2019 жылы 100 пәтер салынады. Оның ішінде ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 11 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы мақсаттарға 450 млн теңге бөлу көзделіп отыр», деді Б. Сапарбаев.
Сондай-ақ Министр басқа облыстарда атқарылатын жобалармен бөлісті.
Қарағанды облысында «Демеушілер қаражаты есебінен тұрғын үй салу» жобасы аясында 70 жеке үй салынады. 2019 жылғы 1-тоқсанда салынған үйлердің 10-ы берілді. Павлодар облысы жақсы үлгі көрсетуде. Осы жылы облыстағы кәсіпорындардың тұрғын үйі жоқ барлық көп балалы жұмыскерлері компания есебінен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ демеушілер, меценаттар есебінен 77 отбасы жеке тұрғын үйдің иесі болады. Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» АҚ компаниясы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 500 пәтер сатып алуды жоспарлауда. Ақтөбе облысында «Демеушілер қаражаты есебінен тұрғын үй салу» жобасы шеңберінде 2021 жылдың соңына дейін 330 жеке үй салынады, оның ішінде 2019 жылы 110 үй салынады. Биылғы жылдың 1-тоқсанында 19 пәтер берілді. Бұл ретте облыста «Қолғанат Ақтөбе» ҚҚ арқылы бастапқы жарнаның 10%-ын қаржыландыру жолымен демеушілердің тұрғын үймен қамтамасыз ету механизмі енгізіледі.