• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Сәуір, 2019

Еліміздің келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты - Қ.Тоқаев

1150 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Үндеуінде еліміздің келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты екенін мәлімдеді.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз.  Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!», деді Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арналған Үндеуінде.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Үндеуінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын айтты.