1980 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы орыс тілді орта мектебіне 100 жыл толуына орай Қазақ телевизиясы мерекелік хабар ұйымдастырған болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Торғай, Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз өңірлерінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептерден соң қабырғасы қаланған бұл оқу орны, әсіресе қазақ балаларының орыс тілін үйреніп, оның озық ойлы әдебиетін оқып, одан әрі Еуропа классиктерінің шығармаларымен сусындауына, ой-өрісінің кеңеюіне мүмкіндік туған еді.
Бұл суреттен осы мектептің түлектері, академик-сыншы Мұхаметжан Қаратаевты, соғыс ардагері, заң ғылымдарының кандидаты, республикалық әскери комиссариаты басшысының орынбасары, полковник Әлім Мұхаметжановты, артқы қатардың сол жақ шетінде Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Дүкенбай Досжановты көреміз.
Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері