• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2019

Нұр-Сұлтанда халықаралық ғылыми-діни конференция өтті

1044 рет
көрсетілді

11 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Ресей муфтийлері кеңесінің бастамасымен және Ресей Федерациясының ислам мәдениеті, ғылымы мен білімін қолдау қоры мен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заман сын-қатерлері» атты IV халықаралық ғылыми-діни конференция өтті деп хабарлады qogam.gov.kz

Конференция жұмысына Еуразия және Ұлы Жібек жолы елдерінің Бас мүфтилері, дін қайраткерлері, діни саладағы мемлекеттік органдардың басшылары, лауазымды тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, жалпы 300-ге жуық делегат қатысты.

Конференция қатысушыларын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қарсы алды.

«Жастардың рухани-өнегелік, зияткерлік дамуы, сондай-ақ оның әлеуметтік қолдау мәселелері біздің мемлекетіміздің басты басымдықтары болып табылады. Биылғы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2019 – Жастар жылы» деп жариялаған игі  бастамасының аясында атқарушы билік жаңа мүмкіндіктерді құру мәселелеріне байыпты назар аударды. Соған орай, Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бірқатар маңызды шаралар қолдануда. Бұл шаралар жастардың әлеуетін дамыту, оларды жұмыспен қамту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бос уақытты ұйымдастыру және жастардың бастамаларын қолдау, кәсіпкерлік және ерікті қызметті қолдау үшін жағдайлар жасауға бағытталған», - деп Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сөз бастады.

Министрдің айтуы бойынша, бұл бағытта әсіресе діндер институты жастарға үлкен әсер етеді.

«Елордамызда Елбасының бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің өткізіліп тұруы да осының айғағы болса керек. Қазақстан Ұлы даланың рухани мұралары дәстүрімізбен сабақтасып кеткен Ислам қағидаларын құрметтейді. Алайда зайырлы, көпұлтты мемлекеттерге тән, өзге наным-сенім өкілдерінің де таңдауына шектеу қоймайды. Көпконфессиялы әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп отырған қоғамда бірлік пен бейбітшілікті сақтау бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан да бұл қағидадан таймаймыз» - деді ведомства басшысы.

Сонымен қатар, пленарлық отырыс барысында Ресей Мүфтилері Кеңесі мен Ресей Федерациясының мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Жоғарғы мүфти және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Қытай Ислам ассоциациясының Төрағасы, Моңғолия мүфтиі және Финляндия Ислам орталығының Төрағасы сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда «Рухани жібек жолы» жобасының қатысушыларының бірлесіп күш салысуының арқасында Қазақстан, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерінің мұсылмандары діни басқармалары мен Қытайдағы миллиондаған мұсылман қауымдастығының арасында тұрақты байланыс арналары құрылды. «Рухани Жібек жолы» халықаралық жобасы жаһандану дәуірінің мәселелерін шешуге дәйекті, жемісті тәсілдерді дамыту үшін сенімді негіз болды.