АҚШ-тың Санрайз қаласында өтіп жатқан ITF турнирінде қазақстандық теннисші Дмитрий Попко сәтті өнер көрсетуде.
Екінші айналымда жерлесіміз америкалық Стефан Козловпен күш сынасты. Бұл бәсекенің алғашқы сетінде ғана корт қожайыны біраз қарсыласты. Ал екінші сетте Попконың үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Есеп – 7:5, 6:3.
Естеріңізге сала кетейік, осы турнирдің тұсаукесер кездесуінде ол Стефан Козловтың командалық әріптесі Кристиан Элшонды 6:0, 7:5 есебімен жеңген болатын.
Ширек финалдық сайыста Қазақстанның теннисшісі АҚШ-тың тағы бір өкілі Харрисон Адамспен шеберлік байқасады.