• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2019

Екі жылдық жұмыс қорытындыланды

1226 рет
көрсетілді

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия жанындағы сараптама кеңесінің отырысы өтті. Жиынға сараптама кеңесінің мүшелері, жобалау офисінің қызметкерлері және ғалымдар қатысты.
Кеңесті кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырған БҚМУ ректоры Н.Серғалиев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық ма­қа­­ласының жарияланғанына екі жыл бол­ғанын, осы аралықта бірталай игі­лікті іс атқарылғанын айтып өтті. – Еліміздің қоғамдық өмірінде ерекше орын алған бағдарламалық мақала 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрді. Сол уақыттан бастап бағдарламаны орындау бойынша қоғамда көлемді және жан-жақты жұмыс басталды. «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында облысымыздан 7 тарихи орын ұлттық деңгейдегі нысандар қатарына қосылып, Ақжайық өңірінде ауқымды істер атқарылды. Оның бәрі халықтың ілтипатына ие болды. Қасиетті орындардың қатарына енген ортағасырлық Жайық қалашығы, әйгілі Бөкейліктегі Хан ордасы, Жәнібек ауданындағы Ғұмар Қараш зираты, Сырым ауданындағы «Дәдем Ата-Жұма­ғазы хазірет» кесенесі, Жым­питыдағы Алаш музейі, Теректі ауданының аума­ғы­нан табылған «Тақсай ханшайымы» – бүкіл еліміздің мақтанышына айналды, – деді Нұрлан Хабиболлаұлы. Ақжайық өңірінде өнегелі істер қата­рында күй атасы Құрманғазы Сағыр­бай­­ұлының ЮНЕСКО көлеміндегі 200 жылдық мерейтойына орай «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» атты халықаралық ғылыми экспедициясын, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ұйым­­­­­­дас­тыруымен жорыққа аттанған «Ин­дер – Орал өңірінің болашағы зор гео­бағы» және «Хан бөгеті» атты халық­­­­а­ралық ғылыми-танымдық экспедицияларын атап өтуге болады. Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ­­­­­-да «Рухани жаңғыру» бағдар­­ла­ма­сының негіздерін білім алушыларға оқу үрдісі арқылы жеткізу және ғылыми сарап­тамалық-талдау жұмыстарына жас ғалымдар мен магистранттарды кеңінен тарту үшін, олардың ғылыми-танымдық көкжиегін кеңейту мақсатында арнайы оқу бағдарламалары (элективті курстар) даярланды. Мысалы, «Қоғамдық сананың философиялық-ұлттық негіздері», «Өз туған өлкесінің жағрафиясын зерттеу», «Қазақ жазуының тарихы» элективті оқу курстары табысты өтуде. Өңір басшысы Алтай Көлгінов Орал қаласында 2019 жылы халық батыры Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына ескерткіш бой көтеретінін тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» жария етіп, көптен көтеріліп келе жатқан мәселеге нүкте қоя­тынын айтқан болатын. Жиында Махамбет Өтемісұлы атын­дағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің доценті, тарих ғылым­­­­да­рының кандидаты Жаңабек Жақсыға­лиев «Ұлттық сана: жаңғыруға ұмтылыс – жарқын болашаққа бетбұрыс» атты баян­дама жасады. Батыс Қазақстан ин­но­вациялық-технологиялық универ­си­тетінің ғылыми бөлімінің басшысы, фи­лология ғылымдарының докторы, про­фессор Мұрат Сабыр рухани жаң­ғыру шараларын жүзеге асыру кезінде кез­дескен келеңсіздіктерге де тоқталып, соң­ғы кезде жүйеге түскен жетістіктер туралы айтты. Сараптама кеңесі отырыс соңын­да­ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы­ру»­ бағдарламасынан және оның заң­ды жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» бағ­дарламасынан туындайтын міндет­­­­­­тер­ге орай Батыс Қазақстан облысында іс­ке асырылатын жобалар мен іс-шара­лар­дың тізіміне толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.  – Өткен екі жыл ішінде Батыс Қазақ­стан облысының барлық аудандары мен Орал қаласында орналасқан орта және жоғары оқу орындары, баспасөз құрал­дары мен азаматтық институттар, кәсіпорындар мен мекемелер, қо­ғам­дық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар, Сараптама кеңесі мен Жоба­лау офисінің жұмыстарын бір арнаға тоғыстырып, нәтижелі жұмыс атқаруға қолдау көрсеткен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруда Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің, облыс әкімінің орын­басары Ғабидолла Оспанқұловтың ұйымдастырушылық рөлі жоғары болды, – дейді БҚМУ ректоры Н.Серғалиев. Батыс Қазақстан облысы