• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Сәуір, 2019

2019 жылдың 1 тоқсанында 21 млрд теңге игерілмеді - Ә.Смайылов

1609 рет
көрсетілді

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә. Смайылов Үкімет отырысындағы «Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджетінің атқарылуы туралы» баяндамасында айтты.

«Республикалық бюджет шығыстары 2 705 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 119,4%-ті, яғни 440 млрд теңгені құрады. Атқарылған қаражаттың 47% әлеуметтік салаға бағытталды. Сонымен бірге бюджет қаражаты 28 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 7 млрд теңгесі үнемдеу болады. Ал, игерілмеу сомасы 21 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен (89 млрд теңге) 4 есе аз», деді ведомство басшысы.

Министрдің келтірген деректеріне сүйенсек, игерілмеген соманың ең көбі Әділет министрлігіне тиесілі. Аталған ведомство 3,4 миллиард теңгені игермеген. Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігі – 2,2 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі – 2,2 млрд теңге, Жоғарғы сот – 1,8 млрд тенге, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 1,6 млрд теңге, Ұлттық экономика министрлігі – 1,5 млрд теңгені игермеген. Ал жергілікті бюджеттердің шығыстары 945 млрд теңгеге игерілді. 12 млрд теңге орындалмаған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 60%-ке жақсарды (2018 жылдың 1 сәуірі – 20 млрд теңге).

«Республикалық бюджеттен өңірлерге 1 112 млрд теңге нысаналы трансферттердің қарастырылған. 1 тоқсанда оларға 171 млрд теңге бөлінді. Оның 96,8%-і игерілді немесе 165 млрд теңге. 4,7 млрд теңге игерілмеді. Негізгі себептері: конкурстардың уақытында өткізілмеуі, келісім-шарттарға қол қойылмау, соның салдарынан оларды қазынашылық органдарында тіркемеу, жұмыс кестесінен кейін қалу», деді Ә. Смайылов өз баяндамасында.

Сондай-ақ Министр 2018 жылы біз мемлекеттік сатып алудың процедураларын жетілдірілгеніне тоқталды. «Оның барлық процесстері электронды форматқа көшірілді. Бірақ шығыстардың игерілмеу себептері мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде әліде болса осы конкурстардың уақытылы өткізбеуіне, олардың өтпей қалуына байланысты болып отыр. Бұл жағдай мемлекеттік органдарда мемлекеттік сатып алу жұмысының дұрыс ұйымдастырылмағанын көрсетеді», деді ол.