• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Сәуір, 2019

Қазақстан 120 елге 800 тауар түрін экспорттайды - Роман Скляр

1108 рет
көрсетілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты.

«2018 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 15,7 млрд долларды құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ке (2017 жылы 15,6 млрд АҚШ доллар) артты. Химия өнеркәсібі 2,6%-ке (тыңайтқыштар, сары фосфор, полимерлер), минералды өнімдер 14,6%-ке (мұнай өнімдері, кокс және тас көмірден жартылай кокс, мұнай битумы), машина жасау 11%-ке, азық-түлік өнімдері 7,6%-ке өсті», деді Роман Скляр.

Сонымен қатар Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан 120 елге 800 тауар түрін шығарады.

«Өңдеу өнеркәсібінің негізгі экспорттық тауарлары - ферроқорытпа, өңделмеген мырыш, тазартылған мыс, уран, мұнай газдары, трансформаторлар және аккумуляторлар (шикізаттық емес экспорттың 51% - ын металлургия құрайды)», деді министр.

Сондай-ақ Министрліктің есебі бойынша, елімізде 2018 жылы дайын өнімнің экспорты 16%-ке (485 млн АҚШ доллары) артқан. Ал өнімдер экспортында дайын өнімдер экспортының үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 пайыздық тармаққа өсіп, 23%-ті құраған.