• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 16 Сәуір, 2019

Ұлжан Байбосынова Халықаралық жыршылар додасының бас жүлдесін иеленді

1389 рет
көрсетілді

Дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова Өзбекстанда өткен Халықаралық бахшы (жыршы) фестивалінде жеңімпаз атанды.

«Халықаралық бахшы (жыршы) өнерінің фестивалі» биыл бірінші рет  Өзбекстан Республикасының Термез қаласында өтті. Оның ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.  

Фестиваль аясында, сондай-ақ ұлттық тағамдардың, қолөнер бұйымдарының, халықтың салт-дәстүріне қатысты жәдігерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Бес күнге созылған шараға Қазақстан, Корея, Моңғолия, Малайзия, Мажарстан, Сербия, Башқұртстан, Түрікменстан, Түркия, Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан сынды 74 мемлекеттен 160-тан астам өнерпаз  қатысты. 

Қазақстанның атынан өнер додасына Сыр бойындағы жыраулық мектептің үлкен өкілі, белгілі Бидас Рүстембековтің шәкірті, жыршы Ұлжан Байбосынова қатысты. Доданың қорытындысы бойынша ол бас жүлдені ұтып алып, өнеріміздің абыройын асқақтатты. 

Ұлжан Байбосынова  - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің директоры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, «Франция әдебиеті мен өнерінің кавалері» орденінің иегері,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.