М. Қожахмет 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Чехия қоғамдық ғылымдар университетін тәмамдаған.
2003–2008 жылдары — «Қазақстанның жастар конгресі» республикалық жастар ұйымында жұмыс істеді. Жобаларды үйлестірушіден бастап атқарушы директорға дейінгі еңбек жолынан өтті.
2008–2012 жж. Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры, Жастар ісі комитетінің төрағасының орынбасары болды.
2012–2014 жылдар аралығында ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
2014–2017 жж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2017 жылғы қазаннан бастап қазіргі кезге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.