Келісімге «Росатом» мемлекеттік корпорациясының күрделі жұмсалымдар, мемлекеттік құрылысты қадағалау және мемлекеттік сараптама бойынша директоры Геннадий Сахаров, buildingSMART ресейлік бөлімінің вице-төрағасы, құрылыстағы инженер-кеңесшілердің ұлттық қауымдастығының (ҚИКҰҚ) атқарушы директоры Ольга Кубанская және Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы Александр Шахнович қол қойды.
Үшжақты келісім бірлескен мақсаттық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды, ұлттық және халықаралық білім беру, ғылыми және практикалық жобаларға қатысуды ұйғарады. «Халықаралық форумның аясында біз тұрақты дамудың мақсаттарына жету, коммуникациялардың тиімділігін арттыру және ынтымақтастықтың жаңа нысандары туралы көп айтамыз. Бұл келісім екі елге бірыңғай стандарттар бойынша жұмыс істеуге және цифрлық технологиялар саласында тәжірибе алмасу жылдамдығын өсіруге мүмкіндік береді», - деді Геннадий Сахаров.
Келісім аясында «Ресей Федерациясының цифрлық экономикасы» ұлттық бағдарламасын іске асырудың және Қазақстан Республикасының құрылысын цифрландыру саласында жаңартулар енгізуде бірлесіп жұмыс істеу жоспарланып отыр. «building SMART ресейлік бөлімінің аясында жоспарланып отырған «Росатом» мемлекеттік корпорациясы мен «ҚазҚСҒЗИ» арасындағы ынтымақтастық ТМД аумағында Open BIM практикалық тәсілін дамытуға түрткі болмақ. Алдымызда біздің елімізде туындаған тәжірибелерді құрылыс жобаларында аталатын деректерді басқару саласындағы қабылданған халықаралық бейіндік альянстың стандарттарына келтіру бойынша көптеген мәселелер мен міндеттер күтіп тұр. Сондықтан, салалық цифрландыру саласында өзіндік әдістемелік атқарымдары бар біздің компаниямыздың зерттеу топтарының күштерін біріктіру еліміздегі құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологияларын үдемелі дамыту үшін қажет» - деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович.
Келісімнің жекелеген тармағында өзара байланысты деректер каталогтарын әзірлеу саласында өзара әрекеттесу жазылған. «ҚИКҰҚ базасында орыс тілді кеңістікте building SMART әдістемесін іс жүзінде енгізу мәселелерін пысықтау бойынша алаң құра алды. Талқылау жүріп жатыр және қалыптастырылатын халықаралық альянстың онтологиясына байланыстыра отырып орыс тілінде терминдер сөздігі жасаллып жатыр. Біз үшін ақпараттық модельдеу үдерістерін стандарттауда тәжірибесі бар қазақстандық әріптестеріміз осы жұмысқа қосылатыны маңызды» -деп атап өтті Ольга Кубинская.
Тараптар сондай-ақ мамандарды даярлау деңгейін жетілдіруге бағытталған жобаларды іске асыру кезінде өзара кеңес беру қызметтерін көрсету мүмкіндігі туралы келісті.