• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Сәуір, 2019

Цифрлық технологияларды қолданып, салық жеңілдігіне ие бол

1172 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шағын бизнес субъектілерін цифрландыруды фискалдық қолдау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміндерін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін көзделген келесі түзетулер Салық кодексіне енгізілді:

1) салықтық кезеңде есептелген жеке табыс салығының сомасы   деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын (онлайн БКМ) сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайтылады.

Аталған норма тек бір жыл ғана жүзеге асырылады (2019 жыл), себебі онлайн БКМ-ын жаппай орнату 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс;

2) жеке табыс салығының сомасы үш құрамдасты интеграцияланған жүйені (онлайн БКМ, POS-терминал, ERP жүйесі) сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту.

Аталған жеңілдік 3 жыл ішінде жүзеге асырылады (2019 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылғы 1 қаңтарына дейінгі мерзімде).

Анықтама үшін: үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Бұл ретте, үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.

Осыдан басқа, аталған Заңмен қолма – қолсыз  төлемдерді ынталандыру мақсатында, оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкерлер үшін  үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолданумен өткізілген қолма – қолсыз айналымды 114 184 АЕК мөлшеріндегі ҚҚС бойынша шекке, 70 048 АЕК мөлшеріндегі оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолдану үшін жарты жылдық табысқа қосылмауы қарастырылған.