• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2010

ШЫҒЫСТЫҢ ШЫМЫР ҰЛДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

697 рет
көрсетілді

Жақында өткен бокстан ел чемпионатында Шығыстың шымыр ұлдары төрт бірдей алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленіп, командалық есепте топ жарғаны белгілі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев боксшы жігіттерді, олардың бапкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. “Бокс Шығыста да қанат жая бастаған сыңайлы. Оған ерекше үлес қос­қан бапкерлер Қ.Сәтжанов, Ғ.Жақыпов, Ж.Құр­манов, В.Речиский, Б.Сүлейменов, Н.Зарипов, Н.Ілия­сов ағаларың бүгін орталарыңда отыр. Бүгінге дейін өңірден бірде-бір Олимпия ойындарының жүлдегерлері шықпапты. Ол кем­ші­лік­тің орнын сіздер толтыруға тиіссіздер”, деп Бердібек Мәшбекұлы болашақ чемпиондардың мойындарына жібек жіп байлады. Облыс әкімі қолынан биылғы Қазақстан чем­пиондары Мирас Жақыпов, Айдар Өмірзақов, Ма­нат Өмірзақов, Данабек Сужанов – 1500 доллар, күміс жүлдегерлер Міржан Жақыпов пен Әділет Егізеков – 1000 доллар, ал қола жүлдегер Жақсылық Ілиясов 500 доллар алды. Бокстан облыстық фе­де­ра­цияның президенті Ерлан Өпішев пен басқа да бап­керлер ақшалай сыйлыққа ие болды. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен