• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Шілде, 2012

Қыран қазасы қияда

761 рет
көрсетілді

Қыран қазасы қияда

Жұма, 20 шілде 2012 8:05

Жақында Хан Тәңірі шыңына шығуға аттанған экспедициядан қаралы хабар келіп жетті. Осы кезге дейін талай тауларға шығып, шыңдарды бағындырған альпинист Әділет Имамбеков қаза тапқан.

Қазір альпинистің бұл жағ­дайға қалай душар болғаны жө­нінде ештеңе айта алмаймыз. Бір ғана белгілі нәрсе, ол қайтыс болған кезде 5 000 метр биік­тіктегі шатырда болыпты. Одан басқа дерек жоқ. Ал Әділет Имам­беков кім еді? Интернеттен ол туралы көп нәрсеге қаныға алдық. Альпинист жігіт facebook пен басқа да әлеуметтік желілерде тіркеліп, өзінің ғаламтордағы достарымен жақсы байланыс ұстап тұрған екен.

Жұма, 20 шілде 2012 8:05

Жақында Хан Тәңірі шыңына шығуға аттанған экспедициядан қаралы хабар келіп жетті. Осы кезге дейін талай тауларға шығып, шыңдарды бағындырған альпинист Әділет Имамбеков қаза тапқан.

Қазір альпинистің бұл жағ­дайға қалай душар болғаны жө­нінде ештеңе айта алмаймыз. Бір ғана белгілі нәрсе, ол қайтыс болған кезде 5 000 метр биік­тіктегі шатырда болыпты. Одан басқа дерек жоқ. Ал Әділет Имам­беков кім еді? Интернеттен ол туралы көп нәрсеге қаныға алдық. Альпинист жігіт facebook пен басқа да әлеуметтік желілерде тіркеліп, өзінің ғаламтордағы достарымен жақсы байланыс ұстап  тұрған екен. Мәселен, facebook әлеу­меттік желісінің өзінде оның 379 досы болыпты. Солармен ке­зек­ті шыңды бағындыруға шық­қан­да хат жазысып, хабар алысып тұрғанын байқау қиын емес. Біз өзіміз Әділетпен жақын таны­сып-біліспесек те оның әлеумет­тік желілердегі достарын альпинист жігіттің қандай адам болға­нын, оның қай кезде соңғы рет хат жазысқанын білуге тырысып, әңгімеге тартқанымызда олардың бәрі Әділеттің атына заты сай ақкөңіл, ақжарқын жігіт болға­нын айтты. Әділеттің интернет­тегі қай суретін алсаңыз да со­ның бәрінде шат жүзімен адамды баурап өзіне тартып тұр. Оның, біздің альпинизмдегі жарық жұл­дызымыздың қандай адам болға­нын көруге болады. Қандасымыз­дың өмірбаянына қысқаша тоқта­лар болсақ, ол ару Алматыда туып, 1998 жылы осындағы физика-математика мектебін бітірген екен. Содан кейін АҚШ-тың Гарвард университетінің (Массачуссетс штаты, Кембридж қаласы) аспирантурасына түсіп, сонда Қазақстандағы жоғары оқу орындарында алған білімін жетілді­руге күш салыпты. Осы білім ордасында оның альпинизмге деген қызығушылығы оянып, универ­ситеттегі альпинизм клубының мүшесі болады. Сол кезден бас­тап Әділет ондағы аспиранттар және студенттермен бірге жер жүзінің көптеген тауларына шы­ғуды мақсат етіп, сапарға шыға­ды. Интернетте Гарвард уни­вер­ситетінің альпклубы мүшелерінің өз кезінде Гренландия, Перу, Аляска, Эквадор, Мексика, Канада, АҚШ, Еуропа елдеріне саяхат жасап, сондағы тауларға шыққаны туралы көптеген деректерді кез­дестіруге болады. Біздің Әділет сол клубтың мүшелері салған жолмен жүріп өтуді алдына мақ­сат етіп қояды. Дегенмен, оның бәріне жету қиынның-қиыны еке­ні белгілі. Сөйтіп, жерлесіміз со­лар­дың бәріне бармаса да Азияның, құс қанаты талатын тауларына шығып, шыңдарын бағынды­ра­ды. Сондай сапарларының бірін 2005 жылы жасап, ол өзі оқитын оқу орнының оқытушылары, ас­пи­рант­­­тары және студенттерімен бірге Қырғызстан мен Қытай шекара­сындағы Борболда шы­ңы­на шық­қан болатын. Одан кейін де Әді­лет Имамбеков отандастарымен және шетелдік әріп­тес­терімен бірге көптеген биік­тік­терді бағын­дырып, тәжірибе жинады.

Әлеуметтік желідегі Әділеттің достарынан осы сапарлары туралы сұрасаңыз: «Ол алдына қой­ған мақсатынан таймайтын, соған жету үшін қолда бар мүмкін­діктің бәрін жасайтын жігіт еді», дегенді айтады. Тағы біреуі: «Ол бізге тау­ға шығып, шыңдарды бағын­дыру үшін жаралғанмын дейтін. Тәжі­рибе жинай жүріп, мықты альпинист болды», дей­ді. Үшінші бір до­сы осы мағы­нада айтып ке­ліп, Әділеттің тауға шықпаса үйде оты­ра алмайтын әдеті болғанын, оған тағдыр тағы да шың­дарға аттануға мүмкіндік бер­се ол мін­детті түрде жер жү­зінің ең биік нүктесі саналатын Эвересті де ба­ғындырар еді деген пікірін білдірді.Әділет достары сөзінің жаны бар. Өйткені, қазірдің өзінде интернет парақтарын ақтарып көр­сеңіз, оны көпшілік тағы бір қа­зақ­стандық альпинист Денис Уру­б­коның болашақтағы ізба­са­ры санайтынын айтқан. Дегенмен, ке­зінде атақты альпинист болған Қазбек Уәлиевтің, бертіндегі Мақ­сұт Жұмаевтың жолын жал­ғастырған біздің құй­рықты жұл­дыздай жарқ еткен бауырымыз­дың арамыздан ерте кеткені өкі­нішті. Әділеттің туған-туыста­ры­ның айтуынша, онымен қоштасу рәсімі бүгін немесе ер­тең Алматыда өзі тұрған «Тау­гүл» шағын ауданындағы үйде өтеді.Суретте: Ә.Имамбеков.

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан».