Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:09
Лондонда Олимпиада қарсаңында теннистен жазғы маусымдағы негізгі жарыстардың бірі басталды. Бұл әлемнің барша жұртына белгілі «Үлкен дулыға» деңгейіндегі төрт турнирдің бірі – Уимблдон.
Осы жылы Англияның Уимблдон қалашығындағы көгалды алаңда өтетін теннис шеберлерінің сайысына 4 қазақстандық теннисші қатысып, бақ сынамақ. Еліміздің сайыскерлері үшін бұл Уимблдондағы жоғары көрсеткіш болып отыр. Ерлерден Михаил Кукушкин қатысатын болса, ал әйелдер арасында Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Ксения Первак ел намысын қорғамақ.
Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:09
Лондонда Олимпиада қарсаңында теннистен жазғы маусымдағы негізгі жарыстардың бірі басталды. Бұл әлемнің барша жұртына белгілі «Үлкен дулыға» деңгейіндегі төрт турнирдің бірі – Уимблдон.
Осы жылы Англияның Уимблдон қалашығындағы көгалды алаңда өтетін теннис шеберлерінің сайысына 4 қазақстандық теннисші қатысып, бақ сынамақ. Еліміздің сайыскерлері үшін бұл Уимблдондағы жоғары көрсеткіш болып отыр. Ерлерден Михаил Кукушкин қатысатын болса, ал әйелдер арасында Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Ксения Первак ел намысын қорғамақ. Осы теннисшілеріміздің арасынан Олимпия ойындарына Ярослава Шведова, Галина Воскобоева мен ерлерден Михаил Кукушкиннің жолдама алғаны белгілі. Үш теннисшіміз жекелей жарысқа қатысады. Сонымен бірге, Лондон Олимпиадасында Шведова мен Воскобоева екеуі жұптық бәсекенің де жүлдесіне таласады. Қазір Воскобоева әлемнің 55-ракеткасы болса, Шведова WTA рейтингінде 62-орында тұр. Турнирдің негізгі бөлігінде Кукушкин жапондық Нишикоримен бақ сынасса, Шведова Шиперспен ойнайды. Ал Первак болса, біздің Шведовадан Ролан Гаррос турнирінде сенсациялық жеңіліс тапқан әлемнің үздік ракеткаларының қатарындағы қытайлық На Лимен бақ таластырады. Және де өткен жылы аталмыш сайыстың үшінші айналымына дейін жеткен Галина Воскобоева бірінші айналымда венгриялық Грета Арнмен күш сынасады.
Би-Болат СЕЙТАҚ,
ЕҰУ студенті.