Жұма, 13 шілде 2012 6:17
Лондон Олимпиадасы жақындаған сайын әлемнің барша жұртшылығы сияқты қазақстандық жанкүйерлердің де көңілі күннен күнге елеңдеулі екені аян. Әрине, әр ел өз отандастарының жеңісіне тілеуқор. Шүкір, біздің де үміт артқан саңлақтарымыз баршылық. Солардың ішінен топ жарып, намыс туын жоғары көтеріп, сүйікті Қазақстанымыздың даңқын алысқа жаңғыртушылар табылатындығына сенеміз.

Мен спорт әлемінен біршама хабардар болғандықтан әрі спортшыларымыздың қабілет-мүмкіндіктерін бағамдай алуымнан бұл жолғы дүбірлі додадан олжалы оралатындардың саны кем дегенде 10-нан асып жығылады деп ойлаймын. Осы орайда облысымыз өкілдері арасынан боксшы Серік Сәпиев пен дзюдошы Максим Раковтың алтыннан алқа тағуына сенімім зор болса, жеңілатлетші Владимир Карповтың, дзюдошы Гүлжан Исанованың жүлдегер атанатынына және шәгім жоқ. Бұл – олардың қарым-қайратына, шеберлік өнеріне сәйкес айтылған пікірім. Бауырларым, сөзімді шындыққа айналдыруларыңды тілеймін.
Спорттың бір құдіреттелігі елдіктің бейнесін паш етуі деп білемін. Мұны айтуыма себеп, мәселен, бұрын-соңды таныс емес жандар Жаңаарқа жерінен екенімді естіген бетте кілең балуандар, самбошылар, дзюдошылар жерлесі ретінде қошеметтейді. Диқанбай Биткөзов, Ғазым Жарылғапов, Талғат Байшолақов сынды саңлақтарымызға сүйсініс білдіреді. Расы керек, арқаланып, мақтанып қаласың. Өлке өрендері осылайша ел мерейін асырып жатса, бәрімізге ортақ қуаныш.
Сартбай ТӨКЕНОВ,спорт ардагері.
Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,С. Сейфуллин ауылы.