• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2012

«Мен шәкіртіме сенемін» – дейді боксшы Иван Дычконың жаттықтырушысы Владимир ШАЙЕР

493 рет
көрсетілді

«Мен шәкіртіме сенемін» – дейді боксшы Иван Дычконың жаттықтырушысы Владимир ШАЙЕР

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:32

Лондонда өтетін Олимпиадаға саусақпен санарлықтай күн қалды. Бұл әлемдегі спорт әуесқойларының ғана сағына күтетін шарасы емес, әр елдің намысы қайралар тұс. Дүниені дүбірлеткен жарысқа Қостанай облысынан желаяқ Марина Масленко мен боксшы Иван Дычко қатысады. Біз жол жүрер алдында И. Дычконың жаттықтырушысы Владимир ШАЙЕРМЕН шәкірті туралы  аз-кем әңгімелескен едік.

 

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:32

 

Лондонда өтетін Олимпиадаға саусақпен санарлықтай күн қалды. Бұл әлемдегі спорт әуесқойларының ғана сағына күтетін шарасы емес, әр елдің намысы қайралар тұс. Дүниені дүбірлеткен жарысқа Қостанай облысынан желаяқ Марина Масленко мен боксшы Иван Дычко қатысады. Біз жол жүрер алдында И. Дычконың жаттықтырушысы Владимир ШАЙЕРМЕН шәкірті туралы  аз-кем әңгімелескен едік.

– Владимир Иванович, ЛондонОлим­пиадасына жүрер алдында ИванДычко «Нұр Отан» партиясына мүшеліккеөтіп, билетін алды. Боксшы бұл қадамынқалай баға­лайды?

– Бұл бір жағынан жауап­кер­шілік. «Нұр Отан» халықтық-де­мо­кра­тиялық партиясы – еліміз­дегі жетекші партия. Елбасымыз – осы партияның көш­бас­шы­сы. «Нұр Отанның» билетін алу оған патриоттық серпін беретіні анық. Екін­шіден, спортшылар көбінесе ырымшыл жандар ғой. «Нұр Отан» партиясы құрылғалы  халық­тың ілти­патына, сені­міне бөленіп келеді. Сон­дықтан,  боксшы да  ал­қалы топқа  пар­тияның биле­­тімен баруды жақ­сылыққа бала­ғаны рас.

– Дычконы халықаралық дә­ре­жедегі спортшы деңгейіне көтергенқандай жарыс еді?

– 2009 жылы Мексикада өткен  жас­өспірімдер арасындағы әлем чемпионаты.  Ол осы чемпионат­тың финалисі болды. Одан кейін ересектер арасында Қазақстан­ның  үш дүркін чемпионы атанды. Президент Кубогын екі рет алды. Өткен жылы Қытайда өт­кен Азия ойындарында да фи­налға шықты. Ал биыл Бакуде өткен әлем біріншілігі оған Олим­­пиадаға жолдама алып берді. Дычко осы біріншілікте қола медаль иеленді.

– Иван Дычко – еліміздің құра­масы сапындағы аса ауыр салмақ­тағыбоксшы. Салмағы қанша?

– Салмағы қазір  105 килограмм. Ал алғаш рингке 68 килограмм салмақпен  шыққан еді. Әуелде арық көрінетін.

– Жаттықтырушы мен шә­кірт қалай кездесіп еді?

– Жаттықтырушы мен спорт­шының тіл табысуы өз алдына,  олар талантты болса, бірінің бірі бағы дей бер. Менің Ваняны табуым қызық болды. Мен оны Рудный қаласындағы бір ауладан ұстап алғанмын. Қалада спорт клубтарына  бармайтын, үйірме­лер­дің де есігінен қарамайтын, сабақтан бос уақытын аулада ойынмен өткізетін балалар болады. Ваня аулада ойыннан қолы ти­мейтін сондай баланың бірі екен. Бірде оны аулада ойнап жүрген балалардың арасынан байқап қалдым. Бойы қатар­ластарынан тым ұзын көрінді, имиген арық, шикіл сары бала. Көңіліме оның дене бітімі ұнады. Шақырып алып, қандай спорттың түрімен айналысып жүргенін сұрадым. Спорт клубта­ры­ның, спорт зал­­дарының есігін ашпаған. Мен одан «боксқа қатысқың келе ме?» деп сұрадым. Ұяң бала басын изеп, келісімін берді. Сол күннен бастап жаттығудан бір күн қалып көрген емес. Спортзалға келген соң бойын өлшесем, 2 метр 5 сантиметр. Он бес жасынан бастап екеуміз біргеміз.

– Шәкіртіңіздің мінезі қан­дай? Жаттықтырушы мен шә­кірт арасында пікірал­шақтығы болып қалмай ма?

– Біріншіден, Ваня менің немереммен қатар. Ата мен немеренің арасында  мейірім басым болмай ма? Оны дәл жақсы жасында қолыма түсірдім деп ойлаймын. Екеуміз жақсы тіл та­быс­тық. Сондай еңбекқор, шыдамды, мі­не­зі өте ұстамды. Оның дене тұлғасына ға­на емес, мінезіне қарап-ақ ешкім 21 жас бермейді, өзінің жасынан үлкен көрі­неді. Соған лайық ақыл-парасаты да ересек. Жаттығу жұмыстарына жа­­уап­кершілікпен қарайды. Жалпы, Ваня жауапкершілікті сыйлайтын азамат жігіт.

– Бүгінде оның ата-анасы да спорт жанкүйеріне айналған болар?

– Расында солай. Иванның әкесі Рудный қаласында автослесарь болып іс­тейді. Анасы – психолог. Ұлына  жақсы тәрбие берген өнегелі отбасы.

– Олимпиадаға дайындық­тары­ңыз­ға көңіліңіз тола ма? Іштей қау­піңіз басым ба, әлде сеніміңіз ор­нық­ты ма?

– Дайындығымыз жаман бол­ған жоқ. Күніне төрт сағаттай жаттықты. Тер төгілді.  Дегенмен, көңілдің ала­бұр­татыны рас. Егер Олимпиада рин­гінде  жара­қат алып немесе судья­лар­дың  әділетсіздігіне кездесіп қалмаса, шә­кіртімнің жалпы дайындығына сене­мін. Ауырып қалғаннан да құдай сақ­тасын деймін. Қанша дегенмен, ауа райына үйрену керек. Облыстағы бас  жаттықты­рушы  Сапабек Мұқышев те оған көп сабақ, кеңестер берді.  Бар  арманымыз – көк туды жамылатын сәтке жету! Тек менің ғана емес, бүкіл қазақ­стандықтардың  күтіп жүргені осы! Намысты  қолдан бермеуге тырысамыз.

Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

Қостанай облысы,

Рудный қаласы.