• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бизнес 13 Қаңтар, 2017

Қазақстандықтардың 32 елдегі активтері заңдастырылды

6487 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі қаражат пен мүлікті заңдастыру науқанының нәтижесі бойынша жаңа деректерді жариялады. Министрліктің мәліметінше, қазақстандықтар әлемнің 32 елінде жылжымайтын мүлік пен бизнестегі үлестерін заңдастырған.

«Шетелде 408 жылжымайтын мүлік нысаны және 32 елде заңды тұлғаларға қатысу үлесі жекешелендірілді: Атап айтар болсақ Австрия, Армения, Болгария, Белиз, Ұлыбритания, Венгрия, Виргин  түбегі, Германия, Гонконг, Грузия, Испания, Италия, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Латвия, Литва, Лихтенштейн, БАӘ, Ресей, АҚШ, Сингапур, Тайланд, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Украина, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея елдеріндегі қазақстандықтарға тиесілі актив заңдастырылды», - деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан азаматтары 700 млрд теңгеге (ақшалай 614 млрд теңге, мүлік - 70 млрд теңге) шетелдегі активтерін заңдастырғанын хабарлаған болатын.