• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Сәуір, 2019

Күн тәртібі белгіленді

740 рет
көрсетілді

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен өткен Парламент Сенаты Бюросының отырысында палатаның 25 сәуірде болатын отырысының күн тәртібі талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаторлар Қазақстан Респуб­ликасы Жоғарғы Соты­ның судьяларын қызметтен босату туралы мәселені және «Авторлық және сабақтас құқық­тарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім­ді ратификациялау туралы», «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім­ді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республи­касы­ның Үкіметі мен Ресей Феде­ра­ция­сының Үкіметі ара­сын­дағы М.В.Ломоносов атын­да­ғы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­си­тетінің қазақ­стандық фи­лиа­лының жұмыс істеуі туралы келісімді рати­фи­кациялау туралы» заң жобаларын қарай­тын болды.

Сенат Бюросы Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетін «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекет­тер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасын­дағы сауда-экономикалық ынты­мақ­­т­астық туралы келісімді ра­ти­фи­­ка­циялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет етіп белгіледі.

Бюро мүшелері сондай-ақ Сенат­тың 2019 жылға арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізді және халықаралық парла­­мент­­тік ұйымдары мен шет мем­ле­кеттердің парламент­тері­мен ынты­мақтастық жөнін­дегі топтардағы Сенат депутат­тарының құрамын жасақтады.