• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2019

Қазақ-француз форумында қауіпсіздік мәселесі талқыланды

681 рет
көрсетілді

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам рөлі» тақырыбында өткен II қазақ-француз форумы өтті.

Сорбонна-Қазақстан Институты және Қазақстандағы Франция Республикасы Елшілігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры және Францияның сыртқы сауда кеңесшілері, Франция Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық форум жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ ректор Такир Балықбаев, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Франция Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахтинский, Қоғамдық өмірдің транспаренттігін қамтамасыз етуші Жоғары органның Бас хатшысы Лиза Ламгани (Франция), Париж қаласы прокурорының орынбасары, терроризмге қарсы күрес саласының маманы Беатрис Бругер (Франция), халықаралық және стратегиялық қатынастар саласындағы сарапшы, Қорғаныс министрлігінің сарапшысы Пьер Конеза (Франция), INALCO президенті Мануэль Франк (Франция), т.б. қатысты.

Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметінің деректері бойынша, форумның ашылуында ректор Такир Балықбаев форумның мақсатымен таныстырып, талқыланатын тақырыптардың өзектілігі мен оны шешудегі басымдықтарды атап өтті. Пікір алмасу алаңында  заңның және қауіпсіздік жүйесінің ережелері, дипломатияның ұлттық мүдделерін ілгерілету, жаңа қауіпсіздік факторы ретінде цифрландыру, білім, денсаулық және қауіпсіздік; экономикалық, қаржылық қауіпсіздік және жаһандану жағдайындағы бизнес тақырыптарындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Француз Республикасының Жаһандану, мәдениет, білім беру және халықаралық даму жөніндегі бас басқармасының Университет және ғылыми әріптестік (Еуропа, Азия, Солтүстік Америка) орталығының жетекшісі Мартина Руссель (Франция), Франция елінің атташесі Жиль Маметц, сондай-ақ Еуропа Одағынан белгілі сарапшылар, Қазақстан және  Францияның мемлекеттік органдарының басшылары мен дипломатиялық корпус өкілдері, Франция мен Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми орталықтары және Францияның танымал университеттері: Сорбонна университеті, Страсбург университеті, Лотарингия университеті, Тулуз университеті, Пуатье университеті ректорлары мен ғалымдары, т.б. осы маңызды шара аясында өзекті мәселелермен бөлісті.

Форум аясында Сорбонна Университеті (Париж 13 Университеті) басшылығымен «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент», «Фискалдық құқық» саласындағы мамандарды даярлау бойынша маңызды меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының үздік түлектеріне INALCO президенті (Сорбонна университеті) атынан дипломдар табыс етілді.